М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы жобасы аясында тікелей эфир форматында онлайн кездесу ұйымдастырылды

“М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

2026 жылы 4 ақпан күні сағат 11:00-де «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы жобасы аясында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлының қатысуымен мектеп оқушыларына арналған тікелей эфир форматында онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Аталған кездесуге мектебіміздің 8-9-10-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері, пән мұғалімдері қатысты. Кездесу барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қауіпсіздік мәселелері, интернет қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу туралы маңызды ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты жауаптар алды. Кездесу оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізді.

Жиналыс соңында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттілігі атап өтілді.