"ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ"— АХМЕТ ЖҰБАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА—120 ЖЫЛ!
Ахмет Жұбанов — домбыраның үнін оркестрге айналдырып, дала әуенін әлемдік деңгейге көтерген тұлға. Оның бастамасымен Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі құрылып, қазақтың күй өнері жаңа тыныс алды.
Оның мұрасы:
«Абай», «Төлеген Тоқтаров» опералары;
«Ғасырлар пернесі», «Құрманғазы» зерттеу еңбектері;
Жүздеген шәкірттер мен музыкалық мектеп.
Ұлттық рухымыздың шырақшысы болған ұлы тұлғаны еске алып, мұрасын дәріптеу — біздің парызымыз.
Ол жай ғана музыкант емес, ол — қазақ мәдениетінің ренессанс дәуірін жасаған реформатор.
Егер Ахмет Қуанұлы болмаса, біз бүгінгідей классикалық деңгейдегі халық оркестрін, жүйеленген музыка тарихын көре алар ма едік? Ол нотаға түсірген әрбір күй, жазған әрбір кітабы — біздің алтын қорымыз.
![]()
Академик
Композитор
Дирижер
Зерттеуші
Қазақ күйін төрткүл дүниеге танытқан, ұлттық өнердің қара шаңырағын тұрғызған тұлғаның рухына тағзым етеміз. Халқымыз барда Жұбанов есімі мәңгі жасайды! ![]()
Осы орайда, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6"А" сыныбының жетекшісі Бозымбаева Айгулдің ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтілді. Оқушыларымыз А. Жұбановтың өмірбаянынан бастап, шығармашылығын жете зерттеп, тақырыпты аша білді. "Алғашқы оркестр" көрінісін қойып, ең танымал әндері Қарлығашқа қыздар билесе, сынып жетекшінің сүйемелдеуімен бейбітшілік символына айналған "Ақ көгершін" әнін хормен орындады. Аспаптарға жасырылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Шара соңында мектеп басшысы Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы сөз сөйлеп, оқушылардың пікірлерін тыңдап, сәттілік тіледі.
#Жұбанов#120жыл
#музыкант#композитор #Оқитынсынып жобасы
#Отырар ауданы білім бөлімі





