Түркістан облысы, Отырар ауданы Көксарай ауылындағы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жаңашыл ұстаз-цифрлық әлемде " бастауыш бірлестігінің айлық іс-шарасы аясында мұғалімдер арасында "Қазақша куиз "интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты- танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық бірлікті нығайту,ойлау ұшқырлығы мен шығармашылық қабілетін арттыру.
Интеллектуалдық сайыс 5-кезеңнен тұрды.
- Тез-тез тест
- Суретті мақал -мәтел
- Тек қана кино
- Музыкалат
- Оңай емес
Сайысқа үйірме бірлестік жетекшілері белсене қатысты. Қатысушылар өз білімдерін, логикалық ойлау шеберлігі мен тапқырлықтарын жоғары дәреже көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша номинациялармен марапатталды.
♤ "Зияткер көшбасшы"
♤ "Ой шебері "
♤ "Интеллектуалдық серпін "
Іс-шараны ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдері
Балабиева Ақмарал, Орынбай Роза.
Осындай мазмұнды тағылымды іс-шаралар ұстаздардың кәсіби шығармашылық қабілеттерін, ынтымақтастықты нығайта түседі.





