М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Қазақстан - елім менің" тақырыбында тарихи танымдық интеллектуалдық сайысы өткізілді.

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тарих пәнінің мұғалімі Құдияр Күлдана Күмісбек қызы мен Қуанбаева Гүлжан ның ұйымдастыруымен мектеп ұстаздары арасында "Қазақстан - елім менің" тақырыбында тарихи танымдық интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты:

Жас мамандардың тарихи білімін тереңдету, кәсіби шеберлігін шыңдау, ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық, сыни ойлау қабілеттерін дамыту арқылы тәжірибе алмасуға жағдай жасау

Сайыс бес бөлімнен тұрды. 1.Таныстыру.2 Бәйге,3.Тарих сөйлейді, 4. Көшбасшы мінбері, 5.Супер көшбасшы . Қатысушылар сайыс кезеңдері бойынша өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды.

Сайыс соңында көшбасшы ұстаздар анықталып , Құдияр Күлдана апай қаржылай демеушілік жасай отырып, жеңімпаз ұстаздарды марапаттады.