М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

“ Қазақтың шоқ жұлдызы - Шоқан Уалиханов” тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.

“М.Әуезов атындағы жбб мектеп” кмм “ Балауса” бастауыш бірлестігінің “Жаңашыл ұстаз-цифрлы әлемде” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес бүгін 27.01.2026 ж

Ш.Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай 4 “А” сыныбында “ Қазақтың шоқ жұлдызы - Шоқан Уалиханов” тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Ұлы ғалым Шоқан Уалихановтың өмір тарихымен, шығармашылығымен таныстыру. Шоқанды тану арқылы ұлттық сана мен патриотизмге, рухани білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Кеш барысында оқушылар Ш.Уалихановтың өмірі, шығармашылығы туралы айтып, оның балалық шағына тоқталды. “ Мүсінші Мысық” көрінісін құрды. Шоқанның жазбалары мен зерттеулеріне тоқталып, сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылады.

Сынып жетекшісі: Сарсенбаева Рабиға Заманбековна

Толық ақпарат facebook парақшамызда