М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Көңілді үзіліс» өткізілді.

Түркістан облысы Отырар ауданы

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

16.01.2026 жылы «Жас математик» және «Балалар және театр» үйірмелерінің жетекшілері Жандарбаева Ғазиза мен Кентайбек Толқынның ұйымдастыруымен «Көңілді үзіліс» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың сабақ арасындағы шаршауын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және оқу үдерісіне деген ынтасын арттыру.

Өткізілген «Көңілді үзіліс» барысында оқушылар сергіту жаттығуларына қатысып, музыкалық-ойын элементтері арқылы көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

💛 Көңілді бала — білімді бала!