Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.03.2026 жылы 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - мектеп бітіруші түлектерге жоғары оқу орындары туралы ақпарат беру, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт - бағдар көрсету және жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыру.Кездесуге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті оқытушысы PhD докторы Бименова Жанат Жолшыбайқызы арнайы келіп, оқушыларға университетке түсу мүмкіндіктері мен білім алу бағыттары туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында университеттің мамандықтары, грант мүмкіндіктері , оқу үдерісі және ауыл шаруашылығы саласының болашағы жөнінде жан - жақты ақпарат берілді . Сонымен қатар, талапкерлерге мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу, өз қабілеттерін ескере отырып болашақ кәсібін анықтау жөнінде пайдалы ақпарат берілді.
Аталған іс - шара кәсіби бағдар беру педагогы Мыңбаев Мадияр Қалтайұлының ұйымдастыруымен өтті. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып нақты жауаптарын алды.Осындай пайдалы кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына үлкен септігін тигізері сөзсіз.





