ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ! ![]()
Жаңа жыл қарсаңында"
М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Отырар ауданының “ҮЗДІК МЕКТЕБІ” номинациясын иеленді!
Бұл – мектеп ұжымының бірлігі мен тынымсыз еңбегінің, ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ кіші қызметкерлердің адал қызметінің жемісі. Ортақ мақсат жолында аянбай еңбек еткен барша әріптестерімізге зор алғыс білдіреміз.
Жаңа жыл жаңа жетістіктерге, биік белестерге жетелесін!
Ұжымымызға шығармашылық табыс, денсаулық, толағай жеңістер тілейміз!
Мерейіміз арта берсін! Жаңа жыл құтты болсын! ![]()





