М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Қылмыс пен құқықбұзушылықтың, белгіленбеген жерлерге суға шомылудың" алдын алу мақсатында жиын болып өтті

Түркістан облысы

Отырар ауданы

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 19.05.2025 жылы сағ 12:30 да Аудандық білім бөлімінің 41-10\582 хатына сәйкес 8-11 сыныптар аралығында жиын болып өтті . Ұйымдастырылған жиынға 261 оқушы мен сынып жетекші және тәлімгер, мектеп педагог психологы қатысты . Жиында "Қылмыс пен құқықбұзушылықтың, белгіленбеген жерлерге суға шомылудың" алдын алу мақсатында Отырар аудандық Төтенше бөлімі 9-шы өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нұржанұлы Нұрболат пен Отырар АПБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Нұржан Төлеген Тәлімбетұлы және мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Байысбаев пен С. Ердендер бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, әлімжеттік пен құмар ойын, белгіленбеген жерлерде суға шомылу, зорлық-зомбылық, нашақорлық, эл. темекі мен нашақорлықтың зияндылығына түсіндірме жұмыстар жасады. Сондай-ақ бітірушілердің салтанатты шараларында автокөлікпен шеру ұйымдастыруға тиым салынатындығын қатаң түрде ескерту жасады. Сондай-ақ заңды өкілінсіз сағат 22:00 ден кейін көпшілік орындарға баруға тиым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді де қоғамдағы тәртіпке , заңға қайшы келетін әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Жиын соңында Отырар аудандық Төтенше бөлімінің 9-шы өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нұржанұлы Нұрболат пен Отырар АПБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Нұржан Төлегенге мектеп оқушыларының бақытты балалық шақтық кезендерінде қауіпсіздік шаралардың алдын алу үшін жан жақты түсіндіру жүргізгені үшін мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы алғысын білдірді.

Ескерту:

- Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың қауіпсіздігі өз қолдарыңызда екендігін ескертіп, хабарлаймыз.

- Қылмыс пен құқықбұзушылықтың, алдын алу мақсатында; белгіленбеген жерлерге суға шомылуға тиым салынады.

- Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кәмлет жасына толмаған балаларға автокөлікті тізгіндеп жүргізуге қатаң түрде тиым салынатынын ескертеміз.