“ М. Әуезов атындағы жббм” КММ
“ Балауса” бастауыш бірлестінің айлығында
“ Жаңашыл ұстаз - цифрлы әлемде” тақырыбы аясында 22 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдері Мұратбекова Гүлмира Жақсыбекқызы мен Айдарханова Алмагүл Серікқызының ұйымдастыруымен “ Әке көрсеткен үлгі - бала болашағының шамшырағы” атты еркін ой алаңы ашық сұхбат өткізді.
Мақсаты:
Әкенің отбасы тәрбиесіндегі рөлін насихаттау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әкенің жеке үлгісі арқылы бала бойында адамгершілік, жауапкершілік, еңбекқорлық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отбасылық тәрбиеге деген жауапкершілікті арттыру.
1 “ Мен қандай әкемін ?” Таныстыру бөлімі бойынша әкелер өздерін таныстыра отырып, қандай әке екендігіне тоқталды.
2 “ Еркін ой алаңы- пікірталас “ бөлімі бойынша әкелерге бала тәрбиесі туралы сұрақтар қойылып, бала тәрбиесі туралы құнды пікірлерімен бөлісіп, еркін ой алаңында ашық сұхбат болды.
3. “ Өмірлік жағдай” жағдаяттар бөлімінде әкелер берілген жағдаяттардан өздерінің өмірлік тәжірибелерін алға тарта отырып, көрермендер ойынан шыға білді.
4. “ Біз әкемен мақтанамыз!» сазды сәлем бөліміне кезек берілді.
Бұл бөлімде 3 сынып оқушысы Сабит Айкөркем мен 2 сынып оқушысы Құралбай Ертұран әке- ана туралы әндерін орындап, ата- анаға деген алғыстарын әнмен жеткізді. Сонымен қатар іс - шараға аналар да атсалысып, “ Ана мен бала” биімен көрермендер қошеметіне бөленді. Сазды сәлем бөлімін ұйымдастырушылар Мұратбекова Гүлмира мен Айдарханова Алмагүл “ Әкенің орны бөлек” әнін орындап, қазақ тәрбиесінде әкенің орны – биік әрі мәңгілік, ол жүректе сақталатын асыл құндылық екенін сезіндірді.
Іс- шара соңында мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы іс- шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, әкелер мен аналарға алғысын білдіріп ,еркін ой алаңына түскен әкелерді марапаттады.
Сөз соңында мектеп директоры ата- аналар жиналысын осындай форматта өткізуге ұсыныс білдірді.





