![]()
«ҰЛТТЫҚ МҰРА» – ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР АРҚЫЛЫ ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ ![]()
![]()
Бүгін мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Ұлттық тағам дайындау – “Ұлттық мұра”» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар қазақ халқының дәстүрлі тағамдарының дайындалу жолымен танысып, олардың тарихы мен тағылымы туралы мағлұмат алды. Бауырсақ, жент, құрт, майсөк сияқты ұлттық дәмдер әзірленіп, халқымыздың асқа деген құрметі мен берекесі насихатталды.
Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, ата-баба мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу және салт-дәстүрдің маңызын ұғындыру.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған тағылымды шараға атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Ұлттық мұрамыз – мәңгілік қазына!





