М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты рухани-шығармашылық тәрбие сағаты өтті

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте 8-ші сынып оқушыларының қатысуымен «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты рухани-шығармашылық тәрбие сағаты өтті. Бұл кеш – Мұқағалидің өлеңдері мен ойлары арқылы оқушылардың жүрегіне үңілуге, өмірлік мәнді сұрақтарды бірге ойлауға шақырған тамаша мүмкіндік болды. Сахна төрінде оқушылар ақынның түрлі жанрдағы өлеңдерін мәнерлеп оқыса, ал өнерлі оқушыларымыз «Аққулар ұйықтағанда» шығармасын сахналық қойылым арқылы көрерменге жеткізді. Олардың өнері мен шеберлігі көрермендерді сүйсіндіріп, шығармашылық шабыт берді. Ал әнші оқушылар Мұқағалидің әндерін шырқап, мектеп залын нәзік лирикалық үнге бөледі. Сол сәтте кейбір оқушылар «Бақыт деген не?» деген өз ойларын бөлісіп, өмірдің мәнін тереңінен түсінуге талпынды. 8-ші сынып жетекшілері Нарымбетов Дархан, Исаева Мира, Тахметова Назерке және Оспанов Абдрасул ағайлар әр оқушыны дайындықтан бастап сахнада өзін сенімді ұстауына дейін қолдап, іс-шараны жан-жақты әрі есте қаларлық етіп ұйымдастырды. Бұл тәрбие сағаты – оқушыларға Мұқағалидің сөзі арқылы ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық таланттарын көрсетуге және рухани дүниесін байытуға зор мүмкіндік сыйлады. Әрбір көрініс, әрбір үн, әрбір ой – мектеп өміріне жарқын із қалдырған мәңгілік сәтке айналды.

Толық ақпарат facebook парақшамызда