М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл

Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл

«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»куммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8"В" сынып жетекшісі. Оспанов Әбдірасулдың ұйымдастырумен қазақ ұлтының рухын асқақтатқан батыр, ғалым, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай тағылымды іс-шара өткізілді.

Әдеби кеш барысында оқушылар батырдың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, ел қорғаудағы қайсарлығы мен ғылым жолындағы табанды еңбегі туралы мазмұнды мәліметтер алды. Батырдың өнегелі өмірінен сыр шертетін деректер айтылып, патриоттық рухтағы өлеңдер оқылды. Сонымен қатар оқушылар тарапынан сахналық көріністер қойылып, батыр рухына тағзым жасалды.

Кештің негізгі мақсаты – қазақ халқының біртуар перзентінің ерлікке толы өмір жолын насихаттау, оның ғылым мен әдебиет саласындағы еңбектерін таныстыру, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, батылдық, адамгершілік қасиеттерін сіңіру.

 

Толық ақпарат facebook парақшамызда