М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«М.Әуезов мектебінің іргетасы қаланғанына 40 жыл» толуына орай "Шындықтың шыңы-пікірсайыс" атты мектепішілік пікірсайыс турнирі өз бастауын алды.

«М.Әуезов мектебінің іргетасы қаланғанына 40 жыл» толуына орай "Шындықтың шыңы-пікірсайыс" атты мектепішілік пікірсайыс турнирі өз бастауын алды.

Турнирдің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды,өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру,елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

Турнир 18 қарашадан бастау алып,10 желтоқсан күні жеңімпаз фракцияларды анықтайтын боламыз.

Қамтылған сыныптар:8-9 сынып жалпы саны 8 фракция қатысса;

10-11 сыныптан 8 фракция қатысуға ниет білдіріп тіркелді.

Турниріміз Американдық Парламенттік форматта өткізілді.

Ашылу салтанаты М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің АКТ залында 9:35 те бастау алды.

Ашылу салтанатында мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы мен мектебіміздің тәжірибелі ұстазы тарих пәнінің мұғалімі Құдияр Гүлдана Күмісбекқызына сөз кезегі беріліп,оқушыларға жүрек жарды тілектерін білдіріп,сәттілік тіледі.

Жарысымыз 3 іріктеу кезеңінен тұрады:

Бірінші кезең: Іріктеу кезеңі

Екінші кезең: Жартылай сын

Үшінші кезең: Ақтық сын.

Әр аптаның Сейсенбі және Сәрсенбі күндерінде іріктеу кезеңдері өтіп отырады.

Сайыс басталмас бұрын оқушыларды жігерлендіру мақсатында мектебіміздің 3 сынып оқушысы Намазбай Асылжан Маратұлы "Көкшолақ" әнін орындады.

Ашылу салтанатынан кейін жоғары сыныптар арасындағы алғашқы беташар ойын 10 "А" сыныбы "Болашақ" фракциясымен 10 "Б" сыныбы "Әуезов алғырлары" фракциясының арасында бастау алды.Берілген Қарар: БП лицей,гимназиялар мен қарапайым мектептің айырмашылығы бар деп есептейді деген тақырыпта өрбіді.Спикерлер тақырып туралы өз позицияларын жоғары дәрежеде алып шықты.Жоғары сыныптардың бас төрешісі Әлшері Айнұр Әкімбекқызы қорытындысында ойынды саралап,спикердің қателігін және артықшылықтарын айтып келесі кезеңге төрт төрешінің шешімі бойынша "Әуезов алғырлары" фракциясы жартылай сынға жолдама алды.

8-9 сыныптар арасында алғашқы ойын 9 "В" сыныбы "Жас ұлан" фракциясымен "Ой ұшқыры" фракциясы арасында өрбіді.Берілген қарар: БП мектеп оқушыларына үйірме жұмыстарына қабілетіне қарай қатысуды міндетті ету керек деп есептейді.Спикерлер үйірмеге қатысу туралы тұшымды ойларын,өткір аргументтерін,дәлелді фактілерін айта білді.

Төрешілер бір шешімін шығарғанша мектебіміздің 5 сынып оқушысы Абылайхан Ернар патриоттық "Көк бөрі" әнін тарту етті.

Бұл ойынға төрешілер алқасының мүшесі Мыңбаев Мадияр Қалтайұлы сараптама жасап,келесі кезеңге "Ой ұшқыры" фракциясының өткендігін хабарлады.

Бірінші кезеңнен жарысты аяқтаған фракцияларға мектеп директорының Алғыс хаты мен ынталандыру сыйлығымен марапаттады.