М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Наурызнама» іс-шараларының бірі – «Ұлттық киім»

«Ұлттық киім» күні

Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырылған он күндік «Наурызнама» іс-шараларының бірі – «Ұлттық киім» күні М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 17 наурыз күні жоғары деңгейде аталып өтті.

Аталған шараны 10-сынып жетекшілері Р. Дурманова, Г. Туганбаева, А. Абдукаримова, Л. Байдарбекова ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын таныту, ұлттық киімнің ерекшелігін насихаттау болды.

Бұл күні мектеп ұжымы, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер лауазымындағы қызметкерлер кеңседе заманауи үлгіде тігілген ұлттық киімдер киіп, ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар мен аксессуарларды тағып, ерекше сән-салтанат көрсетті. Мұндай үлгі оқушыларға ұлттық киімнің тек мерекелік емес, күнделікті өмірде де үйлесімді қолдануға болатынын көрсетті.

Оқушылар да белсенділік танытып, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Шара барысында ұлттық киімдердің түрлері таныстырылып, олардың шығу тарихы мен маңызы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, ұлттық киім үлгілерінен шағын көрме ұйымдастырылып, сән көрсетілімі және дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды.

Іс-шара соңында оқушылар ұлттық мұраға деген құрметтің маңыздылығын түсініп, өз мәдениетіне деген мақтаныш сезімдерін білдірді. «Ұлттық киім» күні – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыруға зор ықпал ететін тағылымды шара болды.!