М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Отбасымен бірге-биік белеске!" атты толағай отбасылық сайысы болып өтті

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ "Білімді ұстаз-цифрлы әлемде"бастауыш бірлестігі айлық іс-шара аясында мектепалды даярлық сыныптарының ұстаздары Шаймерденова Анаркүл,Абдиразахова Бағила, Тажибаева Мақпал апайлардың ұйымдастыруымен "Отбасымен бірге-биік белеске!" атты толағай отбасылық сайысы болып өтті. Іс-шараны ұйымдастыру мақсаты ата-анамен бала арасындағы байланысты арттыру,отбасы мүшелері арасындағы бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Барлық кезеңдерде ата-аналар ауызбіршілікпен белсенді қатысып, әр кезеңнің тапсырмаларын жоғары деңгейде орындай білді.Сайыс соңында ата-аналар мен балалар мараппатталып мадақтамалар берілді.

Толық ақпарат facebook парақшамызда