М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

ОТЫРАРЛЫҚ БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРГЕ АТТАНДЫ

Биыл Отырарлық оқушылар жазғы демалысты тиімді өткізбек. Ол үшін аудан әкімдігі мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жұмыстарына жағдай жасап келеді. Бүгін мектеп оқушыларының бірінші легі Түлкібас ауданы, Келтемашат шатқалында орналасқан «Отырар» балалар жазғы сауықтыру лагеріне аттанды.
Балаларды демалыс аймағына шығарып салған аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев оқушыларға сәттілік тілеп, жазғы демалысты қызықты өткізулеріне тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ, шара барысында ата-аналар атынан Ж.Мырзагелдиева сөз алып, балаларға жағдай жасап, демалыс уақытын тиімді өткізуіне қолдау көрсеткен аудан әкімдігіне алғысын айтты.
Биылғы жазғы демалыста Отырар ауданының білім бөліміне қарасты балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагеріне 31 жалпы білім беретін мектептен 1050 баланы жазғы лагерге жіберу жоспарлануда. Әр ауысымда 150 баладан демалып, лагерь 7 ауысым бойынша жұмыс істейді.
Лагерге келген әрбір оқушыны адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт-дәстүрін дамыту, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін арттыруға баулиды. Ол үшін лагерьде тәрбиеші, психолог, медбике және пән мұғалімдері жұмыс атқарады.