«Психологиялық денсаулық және стрестен сақтану» тренинг
М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 08.12.2025.ж. Педагог- психолог Серікбаева Гүлмираның ұйымдастыруымен 10 сыныптар аралығындағы қыз балаларымен «Психологиялық денсаулық және стрестен сақтану» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты:
Қатысушылардың психологиялық денсаулық туралы түсініктерін кеңейту;
Стрестің пайда болу себептері мен белгілерін таныстыру;
Стресті басқару және эмоционалды тұрақтылықты арттыру дағдыларын қалыптастыру;
Өзін-өзі тыныштандыру, релаксациялық жаттығулар және позитивті ойлау әдістерін үйрету.
Тренинг нәтижесінде оқушылар өзара түсіністік дағдыларын қалыптастырды.
—Өмір жолында өзінің алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі мәнін түсіне білуге,рухани өсуге,жақсымен жаманды ажырататын өмірлік маңызы тұрады түсінік алды.
Психологиялық денсаулық – тек аурудың жоқтығы емес, өмірден қуана білу, стрессті дұрыс басқару және өз-өзіңді қабылдау.
"Бір сәт тыныста – санаңды тыныштандыр!"
"Стресті жеңу – өзіңді түсінуден басталады!"
"Психологиялық денсаулық – бақытты өмір кілті!"





