М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Өрттің алдын алу – әрқайсымыздың міндетіміз!

🔥 Өрттің алдын алу – әрқайсымыздың міндетіміз!

Түркістан облысы. Көксарай ауылы. 20.11.2025 жылы М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылар арасында "Өрттің алдын алу- әрқайсымыздың міндетіміз" атты арнайы бейнероликтер арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз:

  • Электр құрылғыларын бақылаусыз қалдырмаңыз
  • Газ плитасы мен пешті қолданғанда абай болыңыз
  • Балаларға оттың қауіпті екенін түсіндіріңіз
  • Үйде өрт сөндіргіштің бар-жоғын тексеріңіз
  • Төтенше жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз

Өрт – секундтар ішінде таралатын қауіп. Алдын алу – ең тиімді қорғаныс!

#ӨртҚауіпсіздігі #АлдынАлу #Қауіпсіздік