М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Салыстырмалы атомдық масса» тақырыбында ашық сабақ өтті.

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Амантаева Гүлназ Абдуқызы 7 «Г» сыныбында «Салыстырмалы атомдық масса» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында оқушылар атом құрылысы туралы білімдерін тереңдетіп, салыстырмалы атомдық массаны есептеу жолдарын меңгерді. Теория мен практиканы ұштастыра отырып, топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар және есептер арқылы білімдерін бекітті.

Оқушылардың белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы ерекше байқалды. Әрбір тапсырмада өз ойларын дәлелдеп, есептеу дағдыларын көрсете білді.

Осындай мазмұнды сабақтар арқылы оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту – басты мақсат.

#АшықСабақ #Химия #7сынып #СалыстырмалыАтомдықМасса