М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Шеберлік сабақ: “Мұғалімнің АКТ-құзіреттілігін дамыту ”

Шеберлік сабақ: “Мұғалімнің АКТ-құзіреттілігін дамыту ”

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18.11.2025 жылы математика пәні мұғалімі Нарымбетов Дарханның ұйымдастырумен мұғалімдер арасында “Мұғалімнің АКТ- құзіреттілігін дамыту ” тақырыбында шеберлік сабақ өткізілді.

Сабақ барысында қатысушыларға жасанды интеллект платформаларын тиімді қолдану жолдары таныстырылды.

💡 Практикалық бөлімде:

🔸 Bilimclass платформасында Ктж- ны экспорттау, импорттау.Бжб, Тжб талдауларын жүктеп алудың тиімді тұстары көрсетілді.

🔸 ЖИ көмегімен презентация дайындау

🔸 PowerPoint арқылы заманауи слайдтар жасау

🔸ЖИ арқылы суреттерді жандандыру (анимациялау) әдістері көрсетілді.

🔸 Тиімді онлайн құралдарды пайдалану тәсілдері көрсетілді.

Мақсат – мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, білім беру үдерісінде жаңа технологияларды тиімді қолдануға үйрету.

#ЖасандыИнтеллект #ЦифрлықСауат #ЗаманауиМұғалім #ШеберлікСабақ #Инновация