М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

“ШОҚАН УАЛИХАНОВ МӘҢГІ ӨШПЕС ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ” атты тәрбие сағаты өтті

“ШОҚАН УАЛИХАНОВ МӘҢГІ ӨШПЕС ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ” атты тәрбие сағаты өтті . М.Әуезов атындағы ЖББМ 6”А” -сынып оқушыларының қатысуымен “ОҚИТЫН СЫНЫП” жобасының аясында Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай іс -шара өткізілді . Мақсаты : Шоқан қазақтың арасынан шыққан -білімпаз ,дара тұлға екендігін оқушыларға жеткізу .Ғалымның ерекше қасиеттерін аша отырып ,оқушыларды ізденімпаздыққа жетелеу ,ойлау қабілеттерін шыңдау ,тіл байлықтарын дамыту ;

Қазақ сахарасында жүлдыздай жарқырап көрінген Шоқанды үлгі ету , халықты ,табиғатты қүрметтеуге ,ізгілік пен еңбекқорлыққа ,адал достыққа баулу ;

Оқушылар :Шоқанның өмірбаянынан бастап , оқыған оқулары жайында , тәрбие алған әжесі туралы ,қызығушылықтары , достары , Қашқария мен Құлжа елдеріне сапарлары туралы зерттеулер жүргізіп ,Сапарғали Бегалиннің “Мүсінші мысық “әңгімесінен көрініс те қойды .Сұрақ -жауап бөлімінде Шоқан туралы сұрақтарға жауап беріп ,білімдерін көрсетті .

 

Толық ақпарат facebook парақшамызда