М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Шындықтың шыңы-пікірсайыс".

"Шындықтың шыңы-пікірсайыс".

09.12.2025 жылы "Жаңа М.Әуезов мектебінің іргетасы қаланғанына 40 жыл" толуына орай ұйымдастырылған мектепішілік пікірсайыс турнирінің финалдық ойындары өткізілді.

Жарыс басталмас бұрын мектептің "Ақжарқын" би тобының орындауында "Балбырауын" биін билеп өнер көрсетті.

Ақтық сында 8-9 сыныптар тобында "Ой ұшқыры" және "Желтоқсан" фракцияларының арасында қызу тартысқа түскен ойын өрнегі болып өтті.

Ақтық сынның тақырыбы: БП мемлекеттік мектептерді жаппай жекеменшік мектептерге ауыстыру жолын ұсынады деген мәселе бойынша өрбіді.

10-11 сыныптар тобында ақтық сында "Әуезов алғырлары" және "Саналы ұрпақ" фракцияларының арасында өткізілді. Берілген қарар тақырыбы: БП жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі жобаны көрсетеді деген мәселе аясында тартысқа түсті.

Пікірсайысшылар финалға тән өткір аргументтерін, дәлелді фактілерін, нақты ұсыныстарын көрсете білді.

Төрешілер алқасы шешім шығарғанша 5 "В" сынып оқушысы Аблайхан Ернардың орындауында "Көк бөрі" әнін орындады.

Мектептің ақын қызы 10 "Ә" сынып оқушысы Тәжітай Шапағат пікірсайысшыларға арнап жыр шумақтарын тарту етті.

Марапаттау рәсімінде мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы сөз сөйлеп турнирдің жоғары дәрежеде өткенін бағалап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Әділ шешімін шығарған әділ қазыларға мектеп директорының атынан "Алғыс хат" және ұйымдастырушылардың атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

8-9 сыныптар арасында марапаттауға кезек берсек:

I-ОРЫН 9 "А" сыныбы "Ой ұшқыры" фракциясы;

II-ОРЫН 9 "Ә" сыныбы "Желтоқсан" фракциясы;

III-ОРЫН 8 "Ә" сыныбы "Фемида" фракциясы

III-ОРЫН 8 "В" сыныбы "Әуезов қырандары" фракциялары мектеп директорының дипломы және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

"ҮЗДІК ПІКІРСАЙЫСШЫ" номинациясымен 8 "В" сынып оқушысы Нұрман Айзере атанып, арнайы диплом ақшалай 10000 теңгелік сертификат және кітап сыйлыққа берілді.

10-11 сыныптар арасында:

I-ОРЫН 10 "В" сыныбы "Саналы ұрпақ" фракциясы;

II-ОРЫН 10 "Б" сыныбы "Әуезов алғырлары" фракциясы;

III-ОРЫН 11 "А" сыныбы "Mega minds" фракциясы;

III-ОРЫН 11 "Г" сыныбы "Алаш" фракциялары тағайындалды. Марапаттау рәсімінде мектеп директорының дипломы және ақшалай сыйлықтар табысталды.

"ҮЗДІК ПІКІРСАЙЫСШЫ" номинациясымен 11 "А" сынып оқушысы мектебіміздің мақтанышы Қалдыбай Ұлту Бауыржанқызы атанды.

Ұйымдастырушылардың турнирді өткізудегі мақсаты оқушылардың бойында көшбасшылық қабілетін арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытып, еркін ойын жеткізуге дағдылау.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 200 000 теңгеге жуықтады.

Бастысы оқушылардың пікірсайысқа деген қызығушылығын арттыру.

Толық ақпарат facebook парақшамызда