"Ұстаздар- ұлы тұлғалар"
/Ардагер ұстаздармен кездесу/
01.10.2025 жылы “М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10-сынып жетекшілері Туганбаева Гүлмира, Дурманова Разия, Абдукаримова Ақбөпе, Байдарбекова Ләззаттың ұйымдастыруымен "Ұстаздар- ұлы тұлғалар" тақырыбында ардагер ұстаздармен оқушылардың кездесу кешін өткізді. Кештің негізгі мақсаты: ардагер ұстаздардың еңбегін дәріптеу, оқушыларға ұстазды құрметтеуді үйрету, жас ұрпаққа өнеге көрсету.
Кеш қонақтары ардагер ұстаздарымыз информатика пән мұғалімі Омаров Жұмабай Ерназарұлы, музыка пән мұғалімі Рымбаева Фариха Бақтыбайқызы оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, ақыл-кеңестерін айтты.Шара барысында 10- сынып оқушысы Тәжітай Шапағат бояуы сіңбеген,жылы лебіз арнауын тарту етті.Оқушылар ардагер ұстаздарға сұрақ-жауап алмасты.Ардагер ұзтаз Фариха апаймен мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы домбырасын қолға алып оқушыларға ән-күймен шашу етті.Кездесу кеші ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты нығайтып, оқушыларға үлкенді сыйлау, ұстаз еңбегін бағалау керектігін ұғындырды.
Осындай ардагер ұстаздарымыздың еңбек жолы көпке үлгі –өнеге. Ұстаздық тәжірибесінде мыңдаған шәкірттерді білім баспалдағымен шыңға өрлеткен парасатты ұстаздарымыз ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Қай заманда болсын ұстаздарға құрмет жоғары болған. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету.
ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР ҰСТАЗДАР!
Баршаларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.Білім беру ісіне қосқан үлестеріңіздің жемісін көріңіздер!!!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Толық ақпарат Facebook парақшамызда