Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.04.2026 жылы "Жасыл клуб"және "Экологиялық мәдениет" үйірмесінің жетекшілері Байболаева Ұлбосын мен Сайлау Әйгерімнің ұйымдастыруымен "Табиғатқа саяхат - ерте жастан экологиялық мәдениет" тақырыбында мектеп ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Тазалық жұмыстары барысында мектеп ауласын, көркейтіп қоқыстан тазартып, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты.Қоршаған ортаны қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы.





