М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

танымдық сағат ұйымдастырылды

Түркістан облысы ,Отырар ауданы

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен қатар ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туылғанына 180 жыл толуына байналысты 6-сынып оқушыларымен танымдық сағат ұйымдастырылды. Ақын мұрасы мен тіл қадірі жайлы мағыналы әңгіме өрбітті.Оқушылар ұлы ойшылдың тағылымды өлеңдерін оқып, ана тіліміздің мәртебесі жайлы пікірлерімен бөлісті.Шара барысында оқушылардың бойында ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілік, ана тілімізге деген құрмет сезімі қалыптасты. Танымдық сағатта Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен алынған нақылдар арқылы жастарға өнегелі тәрбие беріліп, тілдің – елдің тұтастығы мен бірлігінің негізі екені айшықталды.

Кітапханашылар мен ұстаздар Абай мұрасының жас ұрпақ санасында мәңгілік орын алуы үшін осындай игі шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Шара соңында оқушылар ақынның өсиет сөздерін жатқа айтып, «Тіл достықтың кепілі» тақырыбында ой-толғауларын ортаға салды.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда