"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 01.09.25 жылы «Тілдерді оқытуда заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды жасанды интеллектпен кіріктіру» тақырыбында «Тілдер» бірлестігінің айлық іс-шарасының ашылу салтанаты болды.
Мақсаты: тілдерді оқыту үдерісінде заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін кіріктіру негізінде пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру және оқу сапасын көтеру. Бірлестік жетекшісі Р.Әбдіқадыр айлық жоспардың іс-шарасымен таныстырып, атқарылатын жұмыстарға белсене қатысу керектігін түсіндірді.
Тіл – ұлттың жаны, халықтың жүрегі. Ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, өркендеуіне үлес қосу әрбір адамның перзенттік борышы. Оқушыларға үш тілде викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс шешуін тапқан оқушылар сыйлықтармен марапатталды