Біртұтас тәрбие – саналы ұрпақ кепілі
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 «В» сыныбында «Смарт бала» жобасы негізінде «Цифрлы әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының жетекшісі – Сейтхан Жазира.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың заманауи дағдыларын, атап айтқанда сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, өзін-өзі дамыту мен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, «Smart Bala» ұғымын түсіндіру арқылы жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету.
Сабақ барысында оқушыларға интернеттің пайдасы мен зияны, цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету жолдары кеңінен түсіндірілді. Ақпан айының құндылығы – жасампаздық пен жаңашылдық бағытында сабақ мазмұны оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға арналды.
![]()
Оқушылар 3 топқа бөлініп, өздерінің смарт жобаларын дайындап, қорғады. Жобалардың басым бөлігі биыл ғана енгізілген физика пәніне деген қызығушылықты көрсетіп, түрлі заңдылықтарды тәжірибе жүзінде қолдану арқылы орындалды. Бұл оқушылардың ғылымға деген ынтасы мен ізденісін айқын көрсетті.
Топтар бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасты. Сабақ соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, алған әсерлері мен түйген ойларын бөлісті. Ашық тәрбие сағаты мазмұнды, әсерлі әрі танымдық деңгейде қорытындыланды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың цифрлық әлемде қауіпсіз әрі саналы қадам жасауына, жасампаз әрі жаңашыл тұлға болып қалыптасуына жол ашады.





