“М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 “Б” сыныбында Айтбай Айгерімнің жетекшілігімен «Виртуальды өмір – шынайы өмір ме?» тақырыбында қызықты сабақ өтті. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын талқылады.
Сабақтың мақсаты:
— оқушылардың виртуальды және шынайы өмірдің айырмашылығын түсінуі
— әлеуметтік желіні саналы қолдануға бағыт беру
— қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
— өз ойын еркін жеткізе алу дағдысын дамыту
Сабақ барысында оқушылар:
— ой қозғау жаттығуларына қатысты
— пікір алмасты
— шынайы және виртуальды қарым-қатынасты салыстырды
— сұрақтарға жауап берді
— өмірден мысалдар келтірді.
Сонымен қатар, оқушылар Оқушылардың белсенділігі
жоғары болды. Әсіресе шынайы қарым-қатынастың маңызы туралы ойлары ерекше әсер қалдырды.
Осындай пікірталас сабақтары оқушыларды ойлануға, дұрыс шешім қабылдауға және саналы түрде интернет қолдануға үйретеді.





