М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Заттардың суда еруі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мекемесінде«Жаратылыстану» пәндік бірлестігі іс-шарасы барысында химия пәні мұғалімі Жусипоаа Шаризат Мұстафақызы 8«Б» сыныбына«Заттардың суда еруі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: Заттарды суда ерігіштігі бойынша жіктеу.Ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру.

Сынып Е, Ае, Ем символдарымен топқа бөлінді. Үй тапсырмасы «Блум токсономиясы» бойынша пысықталды. Сабақтың ортасы бөлімінде оқушылар суда ас тұзын, қантты, маргонцовканы ерітуге тәжірибе жасау арқылы сабақ тақырыбын ашты. Стандартты деңгей бойынша«Айқындау»,«Зерттеу»,«Саралау»« Түйіндеу» әдістері бойынша оқушылар қанықпаған, қаныққаған, концентрлі, сұйылтылған,газдалған,сусыз сұйық ерітінділердің және заттардың суда еритін, аз еритін, ерімейтін түрлерімен тәжірибе жасай отырып танысып,сипаттады, Сонымен қатар қатты ерітінді түрлеріне де сипаттама жасалды.Олардың күнделікті өмірдегі маңызымен танысты. Эврикалық деңгей бойынша«Суреттер сөйлейді» тапсырмасында ерітінділердің табиғаттағы маңызына сипаттама жасалды. Оқушы білімі«Аквариум»,«Word woll» және ұлттық құндылыққа негізделген«Сәйкестендіру» әдістері бойынша пысықталды. Сабақтың өн бойында «Бірлік пен ынтымақтастық» оқушылар бірге ойлап,бірге шешім қабылдау үшін,«Жасампаздық және жаңашылдық»ойлау мәдениеті мен жаңаша пайымдау қабілеті даму үшін, «Әділдік пен жауапкершілік»өз жұмысына жауапкершілікпен қарап өзін әділ бағалау үшін құндылықтары қолданылды. Сабақтың соңғы бөлімінде: Бағалау сабақ барысында топ басшыларының бағалау парағы бойынша және оқушылардың өзін-өзі «Батарейка»әдісі арқылы бағалауы жүзеге асты. Стикерлерге Е-жақсы түсіндім, Ае-орташа түсіндім, Ем-мүлде түсінбедім деп жазып үлкен колба макетіне жапсыру арқылы сабаққа рефлексия жасалды.