М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

“ЖҮЗ ЖАСАҒАН ЖҮРЕК: ЖАМБЫЛДЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ”.

“ЖҮЗ ЖАСАҒАН ЖҮРЕК: ЖАМБЫЛДЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ”.

атты тәрбие сағаты өтілді .

“XX ғасырдың Гомері” ,жыр дүлділі ,ғасыр ақыны ,Жыр алыбы -Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтілді .

Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю,оны бағалай білуге ұғындыру ;Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту ,сөз өнерін қадірлеп , қастерлей білуге дағдыландыру ,ақын өлеңдерін ,поэзиясын сүйе білуге үйрету ;

“Балалар кітапханасы”бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан “Оқитын сынып” жобасының жұмысына сәйкес 6”А” сынып оқушылары ақынның өмірбаянынан бастап ,шығармаларын ,танымал өлеңдерін баяндап , Бөлтірік пен Жамбылдың айтысынан да көрініс те көрсетті . Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары :Байсбаев Біржан оқушылардың өнерлерін бағалап ,сәттілік тіледі.

 

Толық ақпарат facebook парақшамызда