М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Жаңару күні – жаңа идеялар мен жарқын бастамалар мерекесі!

Наурызнама онкүндігі аясында Жаңару күніне орай мектебімізде ерекше мазмұнды шара ұйымдастырылды.

“Жаңару күні – өңірде цифрлық даму, AT, IT, робототехника саласындағы жобалар мен мектеп оқушыларының интеллектуалды көрмесі” тақырыбында 7-сынып жетекшілері Мамырайым Жазира, Жусипалиева Әмина, Жумабекова Эльмира, Сейтхан Жазира, Асилханова Жадыраның ұйымдастыруымен шағын көрме өтті.

Көрме барысында оқушылар өздерінің тың идеялары мен заманауи технологияларға негізделген жобаларын ұсынды. Әсіресе, цифрлық даму, ақпараттық технологиялар және робототехника бағытындағы жұмыстар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Шараға қатысқан ата-аналар оқушылардың шығармашылығы мен ізденімпаздығына жоғары баға беріп, өз таңданыстары мен жылы пікірлерін білдірді.

✨ Бұл көрме – жас ұрпақтың білімге, жаңашылдыққа деген ұмтылысының айқын көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы болашаққа сенімді қадам жасап келе жатқан шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!