«М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ- де Түркістан облысы, Отырар ауданы прокуратурасының жаңа оқу жылының басталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі бойынша «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 18 қараша күні «Жасөспірім» жедел – профилактикалық» іс-шарасы барысында «Балаларды бірігіп қорғайық» тақырыбында ОАПБ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Б. Қапалбайұлының қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы, әлімжеттік іс-әрекетінің профилактикасы, құмар ойындарының алдын алу және көлік жүргізу, мопед т.б жеңіл көліктерді басқармаудың алдын алу аясында 5-7 сыныптар арасында жиын болып өтті. Жиын барысында жарыс сөзге мектеп оқушысы Оңғарбай Диана сөз алып құмар ойындардың бірі «Роблокс» жайында білетінімен бөлісті. Ойынның ережесімен таныстырды.
7 сынып оқушылары Бақберген Темірхан шығып *"Дроп"* жайында түсінік берді. Сонымен бірге *«Роблокс»* ойынының шарты барысында қаржылар жиналып, көп жиналған қаржыларды бермеу барысында акаунттың жауып тасталынатындығы мен алаяқтардың ақша табу жағының орын алатындығы, сонымен бірге бей ауыз сөздердің көптеп айтылатындығы жайында баяндады. Достарын ондай ойындарға кірмеуіне шақырды.





