М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Жастар практикасы» – тәжірибе бастауы

«Жастар практикасы» – тәжірибе бастауы

«Жастар практикасы» – бұл оқу орнын енді ғана аяқтаған жас мамандарға алғашқы еңбек жолын бастап, тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама. Жоба жастарға алған білімдерін практикада қолдануға және кәсіби машықтарын арттыруға жол ашады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі түлектер қатыса алады.

Сол мүмкіндікті пайдаланған жас маман Тоқтасын Данияр Бақтиярұлы

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-нің

Көркем өнерпаздар үйірмесіне Мансап орталығы арқылы жұмысқа орналасты.

Оқушылардың жазғы демалыс күндерін бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында бүгінде ол оқушыларға домбыра үйірмесін өткізіп, өнерге деген сүйіспеншілігін шәкірттеріне дарытып келеді. Ұлттық аспабымыз – домбыра арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесін қосуда.

🎶 «Өнер – ұлттың жаны». Жас маманның алғашқы қадамы – болашақтың нық іргесі!

📍 Мекеме: М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ

👩‍🏫 Директор: Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы

📌 #ЖастарПрактикасы #ЖасМаман #ДомбыраҮйірмесі #ӨнергеБаулу #МӘуезовМектебі #ҰлттықМұра #МансапБастамасы

Толық ақпарат Facebook парақшамызда