М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбына ашық сабақ өткізілді

М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жаңашыл ұстаз – цифрлы әлемде» бастауыш айлық іс-шарасы аясында 1“В” сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі Афиова Ақеркенің ұйымдастыруымен «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға дауысты дыбыстарды таныту, жуан және жіңішке дауыстыларды ажырата білуге үйрету.

Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, көрнекіліктер мен интерактивті тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығы арттырылды. Оқушылар сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасап, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажыратуда белсенділік танытты.

Әр тапсырма оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, сабақ қызықты әрі әсерлі өтті. Балалардың пәнге деген қызығушылығы артып, белсенділігі жоғары болды.